Iскерлік пен ізгілікті істі ұштастырған жан

Сарысу ауданы Жаңатас қаласында шағын және орта бизнес кең өркен жаюда. Бүгінде, аудан халқының белсенді тобы кәсіпкерлікке бет бұрып, әлеуметтік нысандар ашуды мықтап қолға алған.
Әлемді әлдиімен тербететін ана деген құдіреттің күшінде шек бар ма?! Қазіргі таңда нәзік жандыларымыздың көпшілігі екі тізгінді тең ұстауға машықтанып, үйдің де, түздің де шаруасын дөңгелетіп жүр. Осындай жігерлі, белсенді, әрдайым өзін қамшылап отыратын Гүлзада Ақылбекқызы Жұмағұлова кәсіпкерлік кілтін тауып, өз ісін дөңгеленте білген жан.
Кәсіпкерлікті дамыту – Гүлзаданың алға қойылған маңызды міндеттерінің бірі. Кәсіпкерлік қаншалықты дамыса, экономика да соншалықты өркендеп өсе бермек.
Өзге кәсіпкерлерге қарағанда Гүлзаданың ерекшелігі тек жеке бас пайдасын ғана ойламай, ізгілікті істердің ұйытқысына айналып жүрген азаматша.
Бірнеше жылдар бойы ешкімге жария етпей-ақ, көптеген қайырымдылық шараларына белсене атсалысып, азық — түлік пакеттерін азқамтылған отбасыларына беріп келеді.
Балаларға тәттілерді сыйлап, балалар күнінде тегін балмұздақтар да таратуды әдетке айналдырған.
Қашанда іскерлік пен ізгілікті ұштастыра білген азаматша Гүлзада жолдасы Бақыт екеуі көп алғысына кенеліп, ұл қыз өсіріп, немере сүйіп отырған бақытты отбасы иелері.
Кәсібінен нәсіптерін тауып отырған отабсына қашанда табыс пен сәттілік жар болсын дейміз.

Көркем Асқар