«Идеядан инвестицияға дейін: Креаторларға арналған Creative Shift бағдарламасы»

Creative Shift бағдарламасы аясында Алматы, Шымкент және Астанада ұйымдастырылған үш өңірлік буткемпке 500-ден астам креатор қатысуда. Шығармашылық идеяны табысты кәсіпке қалай айналдыруға болады? Өнімді нарыққа шығару, тұтынушылар табу және инвестиция тарту үшін не қажет? Creative Shift акселерациялық бағдарламасы осы мәселелерді тәжірибе жүзінде шешуге бағытталған. 19–25 қазан аралығында қатысушылар отандық және халықаралық сарапшылармен бірге жобаларын жетілдіреді.
Бағдарламада бизнес-модель әзірлеу, маркетинг, брендинг, жасанды интеллект құралдарын пайдалану және инвестиция тарту бойынша практикалық сабақтар өтеді. Өңірлік кезеңдерден іріктелген жобалар жеті күндік менторлық бағдарламадан өтіп, қорытынды Pitch Day барысында инвесторлар мен бизнес өкілдеріне таныстырылады. Біздің мақсатымыз – креаторлардың идеяларын нарыққа шығатын нақты өнімге айналдыруына, кәсібін дамытуына және жаңа серіктестер табуына жағдай жасау.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1JKQs3PsET/