ХАЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУДАН ҚАШПАЙТЫН ӘКІМ-САРЫСУДА!

Бұл сөзді аудан әкімінің кездесуіне келген тұрғындар айтуда.
Қай уақытта болмасын халықпен бетпе бет кездесіп, ешқандай есеп беру жиналыссыз-ақ жүздесетін әкім екен,- дейді қарапайым халық.
“Халық айтса, қалып айтпас”деген.
Осындай қабылдау бүгін де барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жалғасын тапты.
Аудан әкімі Б.Жақсылықов Жаңатас қаласы 5, 5А, 6 шағын аудан тұрғындарымен Абылай хан атындағы мектеп лицейінде жолықты.

 

Кездесуде Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов 2020 жылдың 11 айында атқарған жұмыстарына тоқталды.
Атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланып, қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Атап өтсек: Қырғызбаев Сахарай – 5А шағын аудан тұрғыны:
– 5А шағын аудан аумағына шағын футбол алаңшасын салу, ит аулау мәселесін көтерді.
Ал, зейнеткер Ақбергенова Алтынқыз болса, көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен су ағады, қабырғасы желге шыдамайтынын айтты.

 

Смайлов Исмаил:
– Жаңатас қаласындағы 3 ш/а № 18 үйден бос тұрған пәтер алған, соның құжаттарын заңдастыру жолдарын сұрады.
Осындай тұрғындардың бірі тұрып жатқан көпқабатты тұрғын үй модернизация бағдарламасы аясында жөнделген, бірақ үйдің төбесі жөнеделмеген, бөлмесіне су ағатынын айтты.
Калашникова Людмила азық-түлік бағаларының мәселесі;
– Интернет желілерінің жалдамдығы;
– Үйінің алдындағы асфальт жолын жаңарту;
– Подъезінде көршілері және басқа да тұлғалар үнемі шылым шегеді, соларға шара қолдануды сұранды.
Бейсембаева Лаззат 5 ш/а соғылған балалар алаңшасы қоршалған, алайда алаңшаға өтетін орын тар болуына байланысты мүгедектер арбасы кіре алмайтынын;
– 5 ш/а №№17,18,19 үйлердегі бос пәтерлер сатылып жатқанын, бірақ оны кім сатып жатқанын анықтау;
Алдаға уақытта 5 ш/а аулалардағы жолдарды асфальттау мәселесі назардан тыс қалдырылмауын талап етті.
Сондай-ақ, Диденко Иван  2015 жылы қала әкімдігіне берген өтінішіне сәйкес алған жауабында жолды асфальттау, ойын алаңшалары қойылатыны туралы айтылған. Алайда бұл жұмыстар әлі шешімін таппағанын айтты.

 

Жылқайдарова Зауреш есімді қала тұрғыны 6 ш/а № 15 көпқабатты тұрғын үйді модернизация бағдарламасымен жөндеу мәселесін қарастыруды сұрады.
Сондай-ақ кездесуге келген Аймағанбетова Лаззат 6 шағын аудан аумағына заманауи үлгідегі ойын алаңшасын салып беру мәселесін қойды.
Қала тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді аудан әкімі Б.Жақсылықов және қала әкімі Д.Борсықов жиын барысында кеңінен талқылап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылай келе аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берді.

 

Жаңатас қаласы әкімінің аппараты:
– Тұрғын үй мәселелеріне байланысты туындаған сұрақтарды аудан әкімдігінің тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп зеределеп, сұрақ иелеріне жауабын берсін.
– 6 шағын аудан тұрғындары тарапынан үйлерді жөндеу, су өтетін қабырғаларын қаптау, бос тұрған үйлерді беру, басқа да осы бағыттағы шараларды ұйымдастыру мәселесін зерделеп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Қалаға газ келу мәселесіне байланысты қала тұрғындарын хабардар етіп, газ жүйесін орнату, тиісті құралдарын қою шаралары бойынша әр үйдің үй басқарушысын белгілеп қала тұрғындары арасында нақты жұмыс жүргізсін деді.

 

Көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына ересек азаматтар шұғылданатын қосымша спорт тренажерларын қою мәселесін қарастырсын.
Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жарықтандыру жұмыстарын үстіміздегі жыл аяғына дейін аяқтасын.
​-Жиын барысында айтылған ұсыныс-пікірлер, сын-ескертпелер бойынша іс-шаралары жасалынып, орындалуы бақылауға алынуын қатаң ескертті.