ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан әкімінің кубогы үшін Сарысу ауданы мекеме және кәсіпорын қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті.

Жарысқа 15 команда қатысып, бақтарын сынады.

Тартысты өткен аяқ доп додасында үздік қақпашы, үздік ойыншылар анықталды.

Сонымен қатар 1-ші орын «Қаратау» тау-кен өңдеу кешеніне, 2-ші орын аудандық спорт мектебіне, 3-ші орын «ЕвроХим» ЖШС-нің командасына бұйырды.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев жарыстың басы-қасында болып, құттықтау сөз сөйлеп, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар, медалдар табыс етті.

 

 

 

 

Сарысу аудан әкімдігінің баспасөз қызметі