Естімеген елде көп

Қытайда цифрландырылған өнер мұражайлары бар. Мұндай технологиямен жасалған мұражайдың әсіресе балалар мен жастарға үйретері мен берер тәрбиесі мол деседі. Сучжоу шығанағында орналасқан суреттегі сандық өнер мұражайы 14000 шаршы метр аумақты алып жатыр. Келушілерге тарихтан сыр шертеді. Ежелгі дәуірлерден тарихи қызықты көріністер, мәліметтер ұсынады. Ескі заман адамдарының өзара көркем қарым-қатынасын , салт дәстүрлерін , мәдени мұраларын насихаттаудың заманауи келістірілген жүйесі уақыт пен кеңістікті жеңіп, сол замандарға сапар шегіп келгендей әсерге бөлейді екен.