АЙХАНЫМ ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ ҮМІТІН АҚТАДЫ

Астана қаласында өткен «Шәкәрім оқулары» Республикалық байқауында Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы, Тараз қаласындағы №21 орта мектептің 6 сынып оқушысы Қайрат Айханым бас жүлдені иеленді.

Айханым байқаудың облыстық кезеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 20 өлеңін жатқа айтып, өмірбаянына қатысты сауалдардан мүдірмей республикаға жолдама алған болатын. Нәтижесінде, жамбылдықтардың үмітін ақтап, жеңіс сыйлады.
Шын жүректен құттықтаймыз!

Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы