ЕСКІ СТАДИОН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Біраз жылдардан бері жөндеу көрмеген ауданының орталығы Мойынқұм ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орталық стадионы жаңғыртылды.Ескі стадионды күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 194,7 миллион теңге бөлінген болатын.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген стадионның аумағында заманауи стандарттарға сай кіші, үлкен футбол алаңшалары, стритворкут алаңшаларымен фолейбол, баскетбол алаңшалары төселген. Бұдан бөлек спортшылар үшін жүгіруге арналған арнайы жол, ал көрермендерге 90 адамдық трибунал салынған.

Стадионда спортшылардың ыңғайлылығы киім ауыстыруға арналған бөлме, жаттықтырушының әкімшілік-тұрмыстық бөлмесі, спорттық жабдықтарды сақтайтын орын мен әжетхана салынып, пайдаланылуға берілді. Спорт алаңының аумағы да абаттандырылып, түнгі жарықтар орнатылған.

Ауданда бүгінгі күнге барлығы 136 спорттық нысан бар, атап айтқанда, 1 спорт кешені, 1 орталық стадион, 28 спорт зал және 106 спорт алаңдар мен алаңшалар бар. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудан тұрғындары арасында жылдың басынан 72 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 5267 адам қатыстырылыпты. Бүгінгі күнге жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындардың үлесі 33,8% немесе 10807 адамды құрап отыр.

Мойынқұм ауданы