Есек өз орнында болмаса…

 

Бір адам өмірінде алғаш рет есек сатып алды. Есек алғанына қатты қуанып, оны үйінің төбесіне шығарып, еркелетіп, өз руы мен ауылын жоғарыдан көрсетіп жүр. Мақсаты — есек жолды танып алып, кейін өзі-ақ үйге оралатындай болсын дегені.

Кеш бата келе, ол есекті төбеден түсіріп, қораға кіргізбекші болды. Бірақ есек бұған көнбей қойды. Төбе ұнап қалған екен, сонда қалғысы келді.

Адам оны талай рет көндірмек болды, күштеп түсірмек те болды, бірақ есек табанын төбенің кірпіштеріне нық тіреп, иесін теуіп, ақырып-бағырып берді.

Үй дірілдеп, ескі ағаш шатыр есектің қозғалыстарына шыдас бере алмады. Сонда адам тездетіп әйелін, балаларын сыртқа шығарып үлгерді.

Бірнеше минуттан кейін…
Шатыр мен қабырғалар опырылып, үй құлап түсті де, есек астында қалып өлді.

Сонда әлгі адам қанға боялған өлі есегінің басында тұрып:
“Қателік сенде емес, сенің орның — қорада. Қате — менікі, сені төбеге шығарған мен болдым” — деді.

📌 Ғибрат:

Өз орнын білмейтін есектерді биікке шығарып қойсаң, оларды қайта түсіру өте қиын.

Сол үшін олар емес, оларды орынсыз биікке шығарғандар кінәлі.