Ералы Тоғжанов Алматы жастарымен кездесті

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алматыға жұмыс сапары аясында NARXOZ университетінің алаңында Алматы қаласының еріктілерімен және шығармашыл жастарымен кездесті.

Әңгіме еркін форматта өтті. Жастар қызықты жобалары туралы айтып, идеяларымен бөлісуге, сондай-ақ маңызды сұрақтарды көтеріп, оларға жауап алуға мүмкіндік алды.

Вице-премьер өз сөзінде ел халқының 20%-ін 14 пен 29 жас аралығындағы жастар құрайтынын атап өтті. Жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуы Үкімет үшін басым міндет болып табылады. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елімізде жастарды қолдауға арналған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың қозғаушы күш екенін айтып, оның зор әлеуетін атап өтті. Біз бұл деңгейді жоғарылатуымыз керек. Мен сіздерді өз уақыттарыңыз бен әлеуеттеріңізді әділетті жаңа Қазақстанды құру жолына пайдалануға шақырамын. Туған елдің игілігі үшін қызмет етуге, адал еңбекке, прогрессивті білімге және озық тәжірибеге сүйенуге үндеймін. Біз бірге жаңа Қазақстан құрамыз!»- деді Е. Тоғжанов өз сөзінде.

Жастар көшбасшылары өз жобаларымен, идеяларымен Президенттің бастамасын қолдап, жаңа Қазақстанды құруға деген ниеттерін жеткізді.

Кездесуде есірткіге тәуелділіктің алдын алуға және есірткінің таралуына қарсы күреске бағытталған «NarkoSTOP», қазақ тілді халық үшін шет тілдерін дамытуға бағытталған “Тілдер саяхаты” жобалары тыңлдалды. Вице-премьер кездесу барысында ағылшын тілін оқытуға арналған арнайы орындар ұсынуды тапсырды. Сондай-ақ, инклюзивті қоғамға да көңіл бөлінді.

«Инклюзивті қоғам ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тәуелсіз өмір салтын жүргізуге және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту есебінен өмірдің барлық салаларына, экономикалық тәуелсіздікке белсенді қатысуға жағдай жасалатын қоғам ретінде қарастырылуы тиіс.

Инклюзивті қоғамды қалыптастыру, әсіресе жастар арасында жаппай инклюзивті сананы қалыптастыруға байланысты көптеген мәселелерді шешудің іргетасы болып табылады. Бұл үшін жұртшылықты және жастарды орын алған проблемаларды шешуге емес, алғышарттар мен себептер жасауға белсендірек тарту қажет. Салауатты өмір салтынан бастап білім алу, кәсіп пен дағдыларды игеру»- деді Е. Тоғжанов.

Жас белсенділердің ұсыныстарын тыңдаған Ералы Тоғжанов қала жастарының әлеуеті туралы жылы лебізін білдіріп, қазіргі уақытта мемлекеттік жастар саясатында жаңа тәсілдерді қалыптастыру маңызды екенін және Алматы осы үдерісте тренд-мэйкер болуға тиіс екенін атап өтті.

Кездесу соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары NARXOZ университетінің үздік магистранттарына дипломдарын салтанатты түрде табыс етті.

Yer-Zhan Baitanayev