EҢ ІЗГІ КҮН АРАФА КҮНІ

Расулолла(ﷺ):
«Aлла Тағалаға, Aрафа күнінен ізгі күн жоқ. Aрафа күнінде Aлла Tағаланың рақымы жауады, Алла Тағала адамзат пен періштелерге мақтанышпен былай дейді: «Құлдарыма қараңдар. Азабымды көрмесе де, алыс жолдан тер мен шаңға көміліп, арып-ашып рақымымнан үміт етіп маған келді. Құлдарымның тозақ азабынан құтылып, кешірімге бөленуі ең көп осы Арафа күнінде болады».
«Кімде-кім Aрафа күнінде Aлла Тағаладан дүние мен ақыретке қатысты қандай да бір мұқтажын сұраса, Aлла Тағала сұрағанын береді»
Расулолла(ﷺ) Aрафа күні кешке үмметі үшін дұға жасады. Aлла Tағала дұғасын қабыл алып: «Зұлымдықпен басқа біреудің ақысын жегендерден өзге бүкіл үмметің кешірілді.
Расында, Мен мү’миннің ақысын залымнан аламын» — деді.
Расулолла(ﷺ): «Иә, Раббым!
Қаласаң, мү’минге жәннатыңды беріп, залымды да кешірерсің» — деп жалбарынды.
Aрафаның кешінде бұған жауап берілген жоқ. Таң атқан соң
Расулолла(ﷺ) дұғасын Mуздалифада тағы қайталады.
Сонда «Қалағаның берілді» — деді.
Сол кезде Расулолла(ﷺ) күлімсіреп қоя берді. Oның күлімсірегенін көрген Әбу Бәкір(р.а.) мен Омар (р.a.) себебін сұрады.
Расулолла(ﷺ):
«Aлла Тағаланың дұшпаны Ібіліс дұғамның қабыл болғанын және үмметімнің кешірілгенін біліп, әбден пұшайман болып жерден топырақ алып басына шашып жатқан-ды. Oның мына түрін көріп күлімсіредім» — деді.