Елордалық маслихат депутаттары өрт сөндіру бөлімшелеріне барды

Депутаттар алдында көтерген барлық мәселелер мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары елорданың өрт сөндіру бөлімшелеріне жұмыс сапарымен барды.

Комиссия төрағасы Мажит Шайдаров мәслихат депутаттары бірқатар мәселелерді шешуді қажет ететін төрт өрт сөндіру бөлімшесінде болды. Мәселен, 1987 жылы салынған № 7 өрт сөндіру бөлімі және 1979 жылы салынған № 16 өрт сөндіру бөлімдерінде орталық жылу, электр және сумен жабдықтау, су бұру желілеріне қосылу, кірме жолдарды жөндеу қажет екені анықталды. Алаш тас жолы бойында әкімшілік қаражатынан салынған жаңа өрт сөндіру депосының биыл қазан айында ашылуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2013 жылы салынған № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Департаменттің Дағдарыс орталығын қайта жаңғырту жоспралану қаралды.

Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің басшысы азаматтық қорғау полковнигі Б.Сыздықов пен жеке құрам мамандандырылған өрт сөндіру, құтқару және медициналық техника, өрт-техникалық жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдарды таныстырды. Кездесу барысында депутаттар бөлімшелердің жеке құрамы қызметін атқару шарттарымен танысты.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің штат саны — 1728 бірлік, 168 бірлік өрт сөндіру-құтқару техникасы бар.

Кездесу барысында өрт сөндіру деполарын салу және жөндеу, елорданың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың судағы қауіпсіздігі, халықты ТЖ туралы хабардар ету жүйелері, құтқарушыларды мамандандырылған техникамен жабдықтау, азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті және т. б. мәселелер көтерілді.

Елордалық ТЖ Департаменті депутаттар алдында көтерген барлық мәселелер, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының одан әрі табысты қызметін іске асыру үшін енгізілген ұсыныстар мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.