ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР БОЛАР

Баршаңызды Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын!
Жеңіс күні – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған қастерлі мереке. Қаншама уақыт өтсе де, бұл күн тарих төрінен орын алатын ұлы мереке болып қала береді. Отан қорғаудағы ата-әкелердің ерлігі мен қаhармандығын бүгінде бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешіп жатқан ұрпақ ұмытпайды.
Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен майдангерлерді ұлықтап, Жеңіс туын желбіреткен жандарды мақтан етуіміз керек.
Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздік пен азаттықтың туы әрқашан желбіреп тұрсын деп тілеймін.

Еркін Келесов, Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы