АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Бүгін Ұлы Жеңіс күнінде Меркі ауданының әкімі Жорабек Нұрмергенұлы соғыс ардагері Жармұхамбетұлы Азим атаны мерекемен құттықтап үйіне барды. 99 жасқа келген қария әлі де соғыс кездерін еске алып, көзіне ерік берді. Артиллерия полкында азаматтық борышын атқарған Азим ата бір ғасыр жасаған қарт. Аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы ардагерге денсаулық, амандық тіледі.

Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі