Елімізде қай салада жұмыспенқамтылғандардың саны артқан?

Қазақстандағы еңбек нарығы 2025 жылдың соңынақарай бірқалыпты тұрақтылық көрсетіп отыр. Enbek.kz порталында қазан айында 132 мың бос жұмыс орны жарияланғанына қарамастан, сұраныссәл төмендеп, жұмыс берушілер мен ізденушілертарапынан белсенділік біршама бәсеңдеген. Дегенмен негізгі үрдістер сақталып, еңбекнарығындағы теңгерім бұзылған жоқ.

Білім беру саласыжұмыспен қамтудыңнегізгі драйвері

Қазан айында бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру саласына тиесілі болды – 41,1 мың немесе барлық ұсыныстың 31%-ы. Одан кейінқызмет көрсету саласы (17,5 мың) және денсаулықсақтау мен әлеуметтік қорғау (11,7 мың) орналасқан. Яғни, бұл үш сала барлық бос жұмысорындарының шамамен жартысын құрап, әлеуметтік бағыттағы сектордың жұмыспенқамтуды қамтамасыз етуде маңызды рөлатқаратынын дәлелдеп отыр.

Сұраныс жағында жұмыс берушілер көбіне орта білікті мамандарды іздеді – 64,4 мың бос орын. Жоғары білікті және төмен біліктілік талап ететінмамандықтар бойынша ұсыныстар көлемі шамаласболды. Ізденушілердің түйіндемелері де осы құрылымды қайталайды: орта білікті мамандар – 47,7 мың, жоғары білікті – 40,6 мың, төменбіліктілік категориясы – 25,8 мың түйіндеме. Бұлеңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстыңбіліктілік деңгейлері бойынша теңескенінкөрсетеді.

Өңірлік еңбек нарығындағы белсенділік

Қазан айында өңірлер бойынша сұраныс пен ұсыныс деңгейі де біршама теңестірілген. Бос жұмыс орындары ең көп жарияланған аймақтарТүркістан облысы (12 мың), Астана қаласы (11,4 мың) және Жамбыл облысы (8,8 мың). Ал түйіндемелер саны бойынша Түркістан облысы(13,4 мың), Астана қаласы (9,1 мың) жәнеҚызылорда облысы (8,3 мың) көш бастады. Бұлаймақтарда халық саны көп және еңбек нарығыбелсенді дамуда.

Жалпы, қазан айындағы көрсеткіштер еңбекнарығының жазғы маусымнан кейін тұрақталғанын, сұраныс пен ұсыныстың өңірлер мен біліктілікдеңгейлері бойынша тең бөлінгенін байқатады.

Жалдамалы қызметкерлер саны өсіп келеді

Ұлттық статистика бюросының деректерібойынша, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанэкономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мыңадам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 7 141 мыңадам жалдамалы қызметкер (76,9%), ал 2 142,5 мыңадам өз бетінше жұмыспен қамтылған. 15 жастанжоғары халық арасында жұмыспен қамту деңгейі64,4%-ға жетті.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандажалдамалы қызметкерлер саны 116,2 мың адамғаөскен. Бұл ресми жұмыспен қамту үлесініңкүшеюін және халықтың тұрақты табысқабейімделіп келе жатқанын көрсетеді.

Жұмыспен қамтылғандардың салалық құрылымыбойынша ең көп үлес сауда саласына тиесілі – 17%. Одан кейін білім беру – 13,4%, өнеркәсіп – 12,5%, ауыл шаруашылығы – 10,3%. 2025 жылдың ІІ тоқсанындағы деректер де осы үрдісті растайды: жұмыспен қамтылғандардың ішінде сауда, білімберу, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы негізгіүлесті сақтап тұр.

Жұмыспен қамтылғандардың жас құрылымы

Жұмыспен қамтылғандардың негізгі үлесі 35–44 жас аралығындабұл барлық жұмыспенқамтылғандардың 28%-ы. Сондай-ақ 29–34 және45–54 жас санаттары жалпы еңбек нарығының40%-ын құрайды. Бұл жас топтары еңбеккеқабілетті және тұрақты жұмыспенқамтылғандардың негізгі бөлігін құрап отыр.

Өңірлік тұрғыда жалдамалы қызметкерлер ең көптіркелген қала – Алматы (985,8 мың адам). Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар Түркістан облысында(378,2 мың) және Алматы облысында (233,7 мың) шоғырланған.

Жұмыссыздық деңгейі және еңбек уақыты

2025 жылдың ІІ тоқсанында жұмыспен қамтудеңгейі 64,6%-ды, ал жұмыс күшіне шаққанда95,4%-ды құрады. Халықаралық еңбек ұйымыныңәдістемесіне сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ғадейін төмендеген. Бұлеңбек нарығыныңсалыстырмалы түрде тұрақты екенін білдіреді.

Жұмыспен қамтылғандардың жұмыс уақыты да шамалас: орташа есеппен аптасына бір жұмыскер39 сағат еңбек етеді, жалдамалы қызметкерлер – 40 сағат, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 36 сағатжұмыс істейді.

Жалпы алғанда, еңбек нарығындағы басты өсімбілім беру саласында, сондай-ақ сауда мен өнеркәсіп бағыттарында байқалып отыр. Жазғымаусымнан кейінгі бірқалыпты тұрақтану, өңірлердегі тепе-теңдік және кәсіби деңгейлербойынша сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуіеңбек нарығының қарқынды әрі тұрақты дамыпжатқанын көрсетеді.