Елбасы Жапония мен Эквадор басшысына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императорыАкихитоға және Эквадор Республикасының Президенті Рафаель Корреаға көңіл айту жеделхатын жолдады. Хатта Президент жақындарынан айырылған жапон халқы мен эквадорлықтарға өзінің және Қазақ елінің атынан көңіл айтқан. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

 Естеріңізге сала кетейік, 14-16 сәуір күндері Жапонияның Кюсю аралында жер сілкінісі орын алып, 41 адам ажал құшқан болатын. Сегіз адамның аман-есендігі әлі де белгісіз. Ал, Эквадор Республикасында алпыс жеті жылдан кейін болып отырған табиғи апаттан 272 адам тіл тартпай кетсе, соңғы мәліметтерге сүйенсек, жер сілкінісі кезінде жүздеген тұтқын түрмеден қашып кеткен.

«ЕлАна»