Ел не демейді…

– Білім алсаң, оқи бергеннен не пайда, мәңгі студент болып өтем дейсің бе? дейді
– Жоғары білім алмасаң, білімсіз надан болып жүр ғой, ақылы да аз, университетке түсе алмай қалған дейді.
– Күйеуге ерте шықса, “байда басы қалғыр, көтеріп қойған ғой” дейді.
– Күйеуге кеш шықса, “Жүріп, жүріп, әйтеуір шықты ғой, әйтпесе кім алады дейсің” дейді…
– Бай жігітке тисең, ақшасына қызыққан ғой дейді.
– Кедей жігітке шықсаң, басқа ешкім қарамаған ғой дейді.
– Балаң көп болса, топырлатып туа бергенше, жұмыс істемей ме дейді.
– Бала тумаса, карьера қуған сорлы, баладан артық кім бар дейді…
– Баспанаң болмаса, хотя бы бір бөлмелі үй алмадыңдар ма дейді.
– Бір бөлмелі үйің болса, қуықтай жерге қалай сыйып жүрсіңдер дейді.
– Үлкен үйің болса, байлығыңнан қара халыққа бөліп бермейсің бе дейді…
– Арық болсаң, қу сүйегің қалыпты, мынау не скелет дейді.
– Семіз болсаң, арықтамайсың ба дейді.
– Орамал тағып жүрсең, қазақ емес, араб болғансың, біздің қазақ бұлай киінбеген дейді
– Ашық киінсең, шашы жалбыраған жалмауыз, киім қапылып қалды ма дейді.
– Қарапайым киінсе, шубаға ақша жетпеген ғой бишараға дейді.
-Шуба кисең, “норканы бәрі киеді, соболь алмадың ба”дейді.

Осылай кете береді.
Ал Алла Елшісі (с.а.у): 
«Шынында, адам баласы күнәнің көбісін тілінен табады» деді…