Ей, дүлей Америка есіңді жи!

(Памплет)

Жұмыр жердің салмағы ауыр еді,миллиардтаған халықтың күнкөрісіне тәуір еді.Әттең, дүлей күш дүрілдеп тұр, адамдар тірлігін ойлап дірілдеп тұр. Не жетпейді сонда? Байлық таласы, билік таласы, жойқын қаруға сыйыну көп.Билік иесінің кейбірі өзін жер кіндігіне балайтыны бар, әлсіз елді жүндей түтіп, байлығын тартып алып, өзін құдірет иесіне балайтыны бар.Ей, зұлым  Америка! Көзіңе қара көрініп, Въетнамды талқандадың, қанша халық ажал құшты.Одан соң Иракты, Ливияны демократияны түсіндіреміз деп бүркітше бүріп ойрандадың.Содан кейін Каддафи, Саддамды қорлап өлтірдің. Ливия мемлекеті халқын байлыққа бөлеп, әлемде біріншілікке жеткенін Америка билеушілері көре алмадыңдар.Оппозициялық күштерін айдап салып Каддафиді қорлап өлтіргенде Клинтон: Каддафидің өзіне сол керек деп, теледидарда мазақтап күлгені Құдайдан қорықпағандығы еді. Өзінің қалай өлерін сезбегендік шығар… Бір адамды қанішерлікпен өлтірген де – бір, мемлекет халқын өлтірген де – бір деуші еді.Қанішерлікті Алла кешірмейді. Содан болар Америкада неше түрлі табиғат апаты соғып тұрғанын әлем біледі. Алланың сақтандыруын түсінетін билік иелері жоқ-ау, сірә…Америка билеушілері Араб көктемі деп өз бетімен өмір сүріп жатқан мемлекеттерге де тиісті.Мұның себебі – жұмыр жердің байлығын да, халқын да Америка билеуі тиіс. Американың ығына жүрмесе – жазасы дайын.

Түрлі халықты бір Алла жаратқанын ол қаперіне де алмайды. Араб елдерімен қырқысу зобалаңының кесірінен жетпіс миллион адам екі қолын төбесіне қойып босып кетті. Олардың қаншасы жолда өлді. Американың бұрынғы басшылары жойқын күштерін әлемге танытып талай елдің берекесін қашырды. Венесуэла осындай оппозициялық күшті Американың  айтақтауымен  шаруасы  шатқаяқтап, бүлініп жатыр. Американың қазіргі саясаты ығына жығылмаған елге,  байлығын бөліспегендерге санкция жариялайтын әдет тапты. Оның үстіне сауда соғысы өршіп тұр. Осы санкцияның арқасында Ресей мемлекеті әлемдік деңгейде экономикасын көтеріп алды.Трамптың сауда соғысы Қытай және басқа елдерді де шарпып өтті. Айтқыштар: Аузыңда бетіңнің бес тесігіне, жанына біткен екі қолға, басқан ізге санкция жариялайтын шығармыз деп, мысқылдап күледі. Дүрілдеген дүлей күш сабасына түсе қояр ма екен? Қазақта: Көп тұрған көл де сасып қалады, арамшөп басып қалады, аң-құстары қашып кетеді. Маңайындағы залым ойлы адамдарды қара жын басып кетеді деуші еді.

Айтпақшы, Венесуэланың қырқысқа шарпылып, алай-түлей болуы әлем халқын тағы да ойландырды.  Өйткені америкалық демократияның құйындататын оппозициялық күші елді екіге бөліп, бүлік салып, оппозиция дегеніңіз қоғамдағы басы артық адамдар, қуылған, суалғандар өмірден орнын таппаған сорлылар мен билікке көңілі толмайтын кедейлер екенін түсінуге болады. Жақсылық жасауды білмейтін, ертеңінен үміт үзгендер дүлей күшке білек сыбана кірісіп, ойсыз ойрандауды мақсат етеді. Қақтығыста талай жазықсыз адамдар ажал құшады, сондықтан қандай елде болса да  оппозиция деген пәлені түсініп, қалың халық оның соңына ермей, шындыққа жетпейді-ау.

Құрметті Трамп мырза, жойқын қаруға ынта қоймай, қазақ елінің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Соғыссыз әлем» шығармасын оқып, жер бетінде халықтардың тыныштығын, үрейсіз өмір сүруіне қызмет етсе, жұмыр жер халқының қуанышы қойнына сыймас еді.

Табыл Құлыяс, сатирик, жазушы