Ең жақсысы мен болуым керек!

Мұғалім сыныптағы ақылды бірақ қызғаншақ бір оқушыға сұрақ қойды:

«Не үшін достарыңды қызғанып, олардың жасағанын бұзып ұрыс шығарасың?»

Оқушы:
«Себебі олар менен асып кеткенін қаламаймын. Ең жақсысы мен болуым керек!» деді.

Мұғалім орнынан тұрып, қолына бір бор алып тақтаға бір сызық сызды. Оқушыға қарап мына сызықты қалай қысқартасың деп сұрады.

Бір мезетте-ақ оқушы «Сызықтың бір бөлігін өшіремін» деді. Мұғалім оның жауабын қабылдамады.

Оқушы аз уақыт ойланып қолымен сызықтың бір бөлігін жауып тұрды да «енді қысқарды!» деді. Бұл жауабы да қате болатын.

Дұрыс жауапты есіте алмаған мұғалім тақтаға жаңағы сызықтан да ұзын бір сызық сызып «Қазір бірінші сызық қалай көрініп тұр?» деп сұрады.

«Қысқа» деп жаңағы оқушы басын алдына иді.

«Білімің мен дарыныңды шыңдау арқылы өз сызығыңды ұзарту қарсыласыңның сызығын бөлуден әлдеқайда жақсы» деді мұғалім.

Өзіңізбен жарысыңыз, басқасымен емес!

Aударған Lazzat Bazarbayeva