🇮🇳 Джавахарлал Нерудың қызы Индира дүниеге келгенде, әкесі Британияға қарсы күресте жүрген еді.

Әкесінің тәрбиесін көрген қыздың өмірлік көзқарасы да, антибританиялық көзқараста қалыптасты. Индира жастайынан өз айналасындағы Британқұл достарының көзін ашуға ат салысты. Тіпті өзінің сүйікті ағылшын ойыншықтарын отқа тастады деген аңыз бар.

💃 1947 жылы Үндістан тәуелсіздігін алғанда, Индираның әкесі Джавахарлал Неру Үндістанның алғашқы премьер-министрі болып сайланады. Сол жылы Индира (типо “Болашақ” бағдарламасы) Европаға оқуға аттанып, білім алады. Европадан қайтып келіп, әкесінің қасына кеңесші болып (типо Саида Мирзиеева сияқты) жұмыс атқарған Индира дүниежүзін ресми сапарлармен аралайды. Нәтижесінде оның беделі өсіп, дүниежүзінде: “Үндістанда да мықты әйелдер бар екен-ау” деген таңырқау болады.

✔️1964 жылы Индираның әкесі Джавахарлал Неру қайтыс болады. Сол жылы Үндістанның ақпарат министрі болып тағайындалған Индира Ганди, екі жылдан соң 1966 жылы премьер-министр лауазымына сайланады. Сөйтіп Индира Ганди Үндістан тарихындағы алғашқы әйел басшы болып шығады.

🔔Айтпақшы Индира Ганди мен Махатма Ганди арасында ешқандай туысқандық жоқ, Индира өзінің фамилиясын Фероз Ганди деген журналистке тұрмысқа шығып иемденген. Просто однофамильцы. Біліп жүріңіздер )) егер Индира тұрмысқа шықпаса, тарихта “Индира Неру” болар еді.

♨️1966-1977 жж аралығында Индира Ганди Үкіметі қатал саясат жүргізеді. Миллиард халқы, мыңдаған сенім-нанымы, жүздеген кастасы бар мипалау халықты жұмсақ ұстау мүмкін болмады. Алайда, үлкен саясатта қатал болған Индира Ганди, өзінің екі ұлына ие бола алмады. Екеуі де, Анасының қалауына қарсы шығып — саясатқа барғысы келмеді. Үлкен ұлы — Раджив, әуе пилоты мамандығын таңдап, Италияға көшіп кетеді. Кіші ұлы — Санджай, гәккулеп, хәләулімге саланып, авариядан қайтыс болады.

🙏🏻1977 жылы Ганди Үкіметі сайлаудан жеңіліп, Индираның өзіне “жеп қойдың, жемқорсың, коррупционерсің” деген айып тағылады. Сөйтіп алыс-тартыспен, арпалыспен, соттасып жүріп, Индира Ганди 1981 жылы парламент сайлауында жеңіп, қайтадан Үндістанның премьер-министрі болып алады. Сол кезде барлық айыптар шешіліп, “Индира — Ел Анасы!” деген ұлы марапатқа ие болады.

🔥1982 жылы Үндістандағы сикхтар (басын чалмамен байлап, сақалын ешқашан қырмайтын топ) “Үндістаннан бөлінеміз” деп Халистан мемлекеті құрылғанын жариялайды. Онсыз да сіркесі су көтермей отырған Индира әже сикхтарды 1984 жылы Амртисарх деген қасиетті қалаларында қоршап, “Көк Жұлдыз” атты арнайы әскери операцияны бастайды. Нәтижесінде 492 сикх және 83 әскер мерт болады. Сөйтіп, сикхтардың сепаратизмы басылады.

😢Алайда сол жылы, 31 қазанда Индира Гандидың сикх-оққағарлары, Беант Сингх пен Сатвант Сингх Индира әжені екі жақтан қоршап 11 рет атып өлтіреді. Индира Ганди қайтыс болған соң, бүкіл Үндістанда “Сикхтарға аңшылық” деген қозғалыс басталады. Шамамен 10-15 мың еш қатысы жоқ, Индираны өмірінде көрмеген, қарапайым сикхтардың басы алынады. Мыңдаған сикхтардың әйелдері зорланады, сикх нәрестелер қинап өлтіріледі.

📌Индира Гандиден кейін билікке үлкен ұлы Раджив отырады. Италиядан әкелініп, әуе пилот мамандығынан бас тартып, Үндістан халқына бақыт сыйлаймын, Анамның жолын жалғастырамын, “Ел Баласы” боламын деп сайлауда жеңіске жетеді. Алайда Радживтың да тағдыры анасына ұқсап кетті. 1991 жылы 21 мамырда “Шри-Ланкаға арнайы әскери операция жасаймыз” деген Раджив Гандиге жанкешті әйел таяп келіп, өз-өзін жарып жіберген.

🤓Қазір Үндістанның астанасы Нью-Делидегі әуежай — Индира Ганди атында. Ең ірі ұлттық университет те Индира Ганди атында. Сонымен қатар 1999 жылы Индира Ганди — “мыңжылдық әйелі” деген атаумен мәңгі Үндістан тарихында қалды.

#Nordman
#IndiaHistory
#GandhiIronWoman