АЙТШЫ ДОСЫМ, ЖҰРТЫҢ ҮШІН НЕ ІСТЕДІҢ?

 

Сені азамат деп жүруші ем көп-көрім,
Жайлайтұғын төрелердің, қақ төрін.
Бар пенделік бигіңді көрсетіп,
Пәсейттің-ау көңілімнің көк белін.

Неге бүгін мен өзіңді сөкпейін?
«Өз тілінде жан баға алмайды» деп кейін,
Қайта жазып санасының дәптерін,
Өзгертіпсің сен ұлыңның мектебін.

Айтшы досым, халқың үшін не істедің?
Өзге жұрттың бітірдім деп мектебін.
Тарихыңның ақтармапсың беттерін,
Көзді жұмып, көрмей жаттың еш кемін.
Қабылдапсың санаңа бар сепкенін.

Білмейсің сен, ұқпайсың сен
Ел басынан қаншама рет қайғы бұлты көшкенін.
Жұрт аңсаған азаттықтың жолында,
Қара түгіл ханның басы кеткенін.

Сені туған халқың болып сөккенің,
Өзге бақта жеміс беріп еккенің,
Жұртың үшін бір тамшы тер төкпедің.
Айтшы досым неге еліңнен шеттедің?

Айтшы досым, жұртың үшін не істедің?
Көргің келсе өз еліңнің өркендеген, өскенін,
Қоссаңшы үлес сенде еліңе көп-көрім.
Әлде ұлтыңа өгей ме едің, өш пе едің?

Бұрын ерте, бүгін енді кеш дедің,
Күтіп жүрсің қайдан желдің ескенін.
Өз халқыңмен бірге қайғы шекпедің
Қиындықта қалыс қалдың, шеттедің,
Айтшы досым жұртың үшін не істедің?!

Сені қалай алау дейін, шоқ дейін
Ойың жоқ қой дейтіндей бір көктейін.
Бір кездері асыл едің, текті едің,
Жеткеніңнен кері кеттің көт кейін.

Ілгерлемей қалсаң жұрттан көп кейін,
Кінәлі емес қазақ тілді мектебің.
Бүгінгі ұрпақ жиа алмаса естерін,
Келер ұрпақ қайдан білсін не істерін!.

Өзгертіпсің сен ұлыңның мектебін,
Ардан аттап алжасқаның неткенің?
Өзге баққа шыбық болып еккенің,
Осы ма еді ұшпағыңа жеткенің?

Мейлі, мейлі енді сені сөкпейін,
Жүре, жүре түзеледі көш дейін.
Өз ұлтыңның ертеңіне сенбесең,
Мен өзімді енді алдамай не істейін?

Бұлай болса түзелмейді көштерің,
Табалайды, абалайды өштерің.
Ала алмайсың, аса алмайсың, текті елім,
Арман таудың шыңын тұрмақ, бөктерен!

ТІЛІҢ ТӨРГЕ ШЫҚПАЙ, ӨЗІҢ
ӨРГЕ ШЫҚПАЙСЫҢ, ҚАЗАҚ!

МӘҢГҮРТ болма — МӘҢГІ ҰЛТ бол!

с: Мұқтарбек Тұрысбекұлы

Ескі таныс бір «азаматтың» қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр деп, баласын орыс мектебіне ауыстырғанда оған кейігеннен басқа келген ой еді …