ДҮКЕНДЕРДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНЕН БОЛАТЫН ЖАППАЙ ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ

Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету – халық денсаулығын қорғаудың маңызды бағыттарының бірі. Дүкендерде сатылатын азық-түлік өнімдерінен туындауы мүмкін жаппай тағамнан уланудың алдын алу мақсатында төмендегі профилактикалық шаралар ерекше назарда болуы тиіс:

1. Өнімнің жарамдылық мерзімін тексеру.

Сөрелерге қойылар алдында да, сатылым барысында да өнімнің сақтау мерзімі қатаң бақылауда болуы керек.

2. Сақтау талаптарын сақтау.

Салқындатылған және тез бұзылатын өнімдер температуралық режимді сақтайтын тоңазытқыштарда орналасуы тиіс. Мұздатқыш пен салқындатқыш жабдықтардың көрсеткіштері күнделікті тіркеліп отырады.

3. Тағам өнімдерінің қаптамасының бүтіндігін тексеру.

Пленкасы жыртылған, банкісі ісінген, қақпағы бүлінген өнімдерді сатуға жол берілмейді.

4. Маркировканың толықтығы.

Өнімнің шығу тегі, құрамы, сақтау шарттары, өндіруші, жарамдылық мерзімі толық және анық жазылуы тиіс. Маркировка талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерден бас тарту қажет.

5. Қызметкерлердің жеке гигиенасы.

Дүкен қызметкерлері санитариялық нормаларды сақтап, таза арнайы киіммен жұмыс істеуі керек. Қол жуу және залалсыздандыру құралдарының жеткіліктілігі қамтамасыз етіледі.

6. Өнімдерді қайта мұздатуға тыйым.

Бұзылған немесе еріген өнімдерді қайта мұздатуға қатаң болмайды – бұл улану қаупін күшейтеді.

7. Сапасыз өнімдерді анықтау және дереу айналымнан шығару.

Тұтынушылардан шағым түскен жағдайда дүкен әкімшілігі өнімді дереу алып тастап, қажетті зертханалық тексерулер жүргізілуін қамтамасыз етуі тиіс.

8. Жеткізушілердің құжаттарын тексеру.

Сапа сертификаттары, сәйкестік құжаттары, жүктерді сүйемелдеу құжаттары талапқа сай болуы қажет.

Аталған талаптарды орындау дүкендердегі тағам өнімдерінің қауіпсіздігін күшейтіп, жаппай уланудың алдын алуға мүмкіндік береді. Халық денсаулығын қорғау – әрбір кәсіпкер мен әрбір сауда нүктесінің ортақ жауапкершілігі.

Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы- В.Конеева

Санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы — Бектұрсын Ф.С.