ДАУЫЛДЫҚ ЕСКЕРТУ

«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 қыркүйекте Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында, 16 қыркүйекте таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-16 қыркүйекте облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 15-16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 15-16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Құрметті азаматтар!
Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті