Creative Aimaq республикалық жобасы

Creative Aimaq республикалық жобасы аясында өткен Шығыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесіне екі күн ішінде 1 500-ге жуық елорда тұрғыны мен қонағы келді. Жәрмеңке қорытындысы бойынша өңір креаторларының өнімдерінен 3,8 млн теңгенің сатылымы жүзеге асты. Келушілер авторлық қолөнер бұйымдарын, керамика, текстиль, интерьер заттары, кескіндеме туындылары, ағаш пен былғарыдан жасалған бұйымдар және кәдесый өнімдерін сатып алды.
Creative Aimaq жобасы авторларға жобаларын кең аудиторияға таныстыруға, жаңа серіктестер мен сатып алушылар табуға, сондай-ақ ісін дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге дейін Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Ұлытау облысына арналған бес өңірлік көрме ұйымдастырылды. Оларға 16 мыңға жуық адам келіп, креаторлардың өнімдерін сатудан түскен жалпы табыс 25,3 млн теңгеден асты.
Креативная ярмарка Восточно-Казахстанской области, организованная в рамках республиканского проекта Creative Aimaq, за два дня привлекла около 1 500 жителей и гостей столицы. По итогам мероприятия объем продаж продукции региональных креаторов составил 3,8 млн тенге. Посетители приобрели изделия ручной работы, керамику, текстиль, предметы интерьера, картины, изделия из дерева и кожи, а также сувенирную продукцию.
Проект Creative Aimaq помогает авторам представить свои проекты широкой аудитории, найти новых партнеров, покупателей и открыть возможности для развития собственного дела. За время реализации проекта уже проведено пять региональных выставок, посвященных Акмолинской, Павлодарской, Северо-Казахстанской, Костанайской областям и области Ұлытау. Их посетили около 16 тысяч человек, а объем продаж превысил 25,3 млн тенге.