COVID-19: АУДАНДАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ

Т.Рысқұлов аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметі бойынша аудан аумағындағы коронавирусты инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы  2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 тамыз аралығында 435 КВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде 315 (UO7.2 вирусы) науқас симптомды ағыммен, 120 (UO7.1 вирусы) науқас симптомсыз ағыммен тіркелген. Соңғы 2 аптада КВИ вирусы сәйкестендірілген 8 жағдайдан 13 жағдай тіркеліп, яғни +5 жағдайға көбейген.

Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін коронавирусты инфекциясынан қайтыс болған 11 жағдай тіркелген.

Ауру өсімінің басты себебі: адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтамауы, қатерлі топтағы адамдардың отбасылық іс шараларға қатысуы.

Қазіргі таңда коронавирус жұқпалы ауруының алдын-алу және таралмау іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында науқастарды топтастырмау үшін аурухана мамандары үйден қызмет көрсету іс-шараларын күшейткен.

Сонымен қатар, тұрғындар үшін 42506 ақпараттық арнайы парақшалар дайындалып, таратылып берілді. Оның ішінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 3 санитарлық ақпараттандыру бекеттері (Құлан-2, Луговая-1) жасақталған. Осы мақсатта 21645 парақша таратылып, 316856 азаматқа жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Жедел респираторлы инфекциямен және коронавирусты жұқпалы ауруының симптомсыз түрімен ауырған науқастарды бақылау мақсатында аудан емдеу мекемелерінде 20 шілдеден бастап 12 мобильді топ құрылып, елді мекендерде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап  6598  медициналық көмек үйден көрсетілген.

COVID-19 ауруымен ауырған адамдарды емдеу мақсатында Құлан ауылындағы бұрынғы тубдиспансер ауруханасы болған ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауданаралық инфекциялық стационар ашу мақсатында оттегі жүйесі жүргізілді, 14 төсекке реанимация палаталары дайындалды. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне жұқпалы аурулар стационары үшін 5 жасанды дем алу аппараты жеткізіліп орнатылды, оттегі жүйесі тексеруден өткізілді.

Аталмыш стационарларда қазіргі уақытта 125 адам ем қабылдауда, оның 3-і реанимация бөлімінде. Жалпы 300 төсектік  жұқпалы аурулар стационарында ағымдағы жылдың 1 қаңтар —  29 шілде   аралығында  626 ауру емделіп шыққан. Жұқпалы аурулар стационарының бос төсек орыны-43,3 пайыз.

 

Жалпы ауданда COVID-19-ға қарсы күрес жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірі қызыл аймаққа өтіп, елдегі эпидахуал күрделініп тұр. Осы орайда, дәрігерлер барлық санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, той-жиын өткізбеуге, адам шоғырланған орындарға бармауға қатаң түрде шақырады. Былтырғы жағдайдан сабақ алып, қауіптің алдын алу өз қолымызда!