Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық апталығы өтеді
Маңғыстау облысында 2026 жылғы 6–12 тамыз аралығында Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық апталығы өтеді.
Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан, Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама.
Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит аясындағы «Волонтерлік және экологиялық іс-қимылдар» панельдік сессиясында осы апталықтың тұжырымдамасын таныстырып, оның нақты нәтижелерге бағытталғанын атап өттім. Біздің басты міндетіміз — экологиялық жобаларды іске асыру, тиімді шешімдер қабылдау және Каспийді сақтау бойынша жүйелі жұмысты күшейту.
Апталық аясында ірі экологиялық акциялар, сарапшылар кездесулері және халықаралық саммит өтеді. Ақтауда Каспий маңы бес мемлекеттен делегациялар, өңірлерден өкілдер және 2000-нан астам қатысушы жиналады деп күтілуде.
Бұл бастама Маңғыстауды халықаралық экологиялық диалог пен нақты іс-қимылдар орталығына айналдырады деп сенемін.




