Мәдениет және ақпарат министрі түлектерге сертификаттар табыстады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызының қатысуымен «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасын қорытындылап, қатысушылардың авторлық жұмыстарымен танысып, түлектерге сертификаттар табыстадық. Жоба аясында 208 бала мен жасөспірім Қазақстанның 10 үздік қолөнер шеберінен тегін білім алды. Олар зергерлік өнер, ағаш және тері өңдеу, киіз басу, қыш өнері, кілем тоқу, сүйек ою және басқа да дәстүрлі қолөнер бағыттарын меңгерді. Жобаға 450-ден астам өтінім түссе, шебер-тәлімгерлерді іріктеуге еліміздің барлық өңірінен 331 өтінім қабылданды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы топ жұмыс істеді. Инклюзивті білім беруге де ерекше мән беріліп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы топ құрылды. Олар да оқу бағдарламасын толық аяқтап, ұлттық қолөнер бойынша жаңа дағдыларды меңгерді. Басты мақсатымыз — ұлттық қолөнерді жас ұрпаққа үйретіп, дәстүрлі өнерді заманауи креативті индустрияның маңызды бағыты ретінде дамыту!