Бүгін Қ.И.Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзу станциясын, су құбырын салу жобасын іске асыру бойынша кеңес өткіздім.

Оған мемлекеттік органдардың, елорда әкімдігінің және «ElordaAqua» ШЖҚ МКК өкілдері қатысты.
Кеңесте жұмыстың қазіргі жай-күйі, жобаны жеделдетудегі, құрылыс-монтаждауды белгіленген мерзімде бастаудағы мәселелер талқыланды.
Бұл – елорданың ұзақ мерзімді су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие жоба. Астанадағы халық санының, яғни су тұтынушылардың өсімін ескерсек, бұл жоба – сумен жабдықтаудың екінші көзі, қаланы сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 203 шақырым су құбыры, үш сорғы станциясы және тәулігіне 210 мың текше метр су өндіретін №4 сорғы-сүзу станциясы салынады. Құрылысты аяқтау 2028 жылға жоспарланған.
Ең маңыздысы, жобаны уақытылы іске асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдар қажетті шешімдерді қабылдап, жоспарланған рәсімдерді барынша қысқа мерзімде аяқтауы тиіс. Кеңес қорытындысында осыған қатысты нақты тапсырмалар берілді.
Нұрлыбек Нәлібаев фб парақшасынан