Болат Бақауов соғыс ардагерін құттықтады

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Железин ауданына жұмыс сапары барысында сол ауданда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Кузьма Чуйкинді Жеңіс күнімен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарды табыс етті.

94 жастағы майдангер – Железинка ауданында өмір сүріп жатқан Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері. Ақсақал әкімді жылы лебізбен қарсы алып, 1945 жылы Жеңіс күнін қалай қарсы алғандығы туралы әңгімеледі.

– Сол уақытта бізді майданнан қайтарып алды және мен Астраханьның әскери училищесінде болдым,- деп еске түсірді Кузьма Иванович. – 9 мамыр күні барлығымыз ұйықтап жатқанда күндізгі кезекші: Рота, подъем! – деп айқайлады. Біз атып-атып тұрып, соғысты жеңгенімізді білдік. Біз қуанғаннан отшашуды ұйымдастырдық. Біреуі винтовкадан, екіншісі тапаншадан, қалғандарды бар қаруларын алып әйнектерден көкке қарай ата бастады. Бұдан кейін шеру қаланың өзінде болды. Бұның барлығы әлі күнге дейін есімде.

Кузьма Иванович Чуйкин Железин ауданында дүниеге келді. 1942 жылы әскерге шақырылды. Семейдіге әскери училищеде білім алғаннан кейін Қалмақ жерлерін, Ростов, Харьков, Донецк облыстарын азат етуге қатысты. Сонымен қатар 156-шы арнайы бригаданың құрамында жеке жауынгерлік істерге де қатысты. 1944 жылдан бастап Оңтүстік-батыс және Оңтүстік майдандардағы бөлімшелердің командирі болды. 1945 жылы Гурьев әскери училищесін тәмамдады. Әскери қызметін 1946 жылдың маусым айында 395-ші жеке оқу батальонының старшина лауазымымен аяқтады. Екі рет жарақаттанды. Отан соғысының II дәрежелі орденіне, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медаліне және басқа да әр түрлі мерейтойлық марапаттарға ие болды. Ардагердің 4 баласы, 10 немересі мен 13 шөбересі бар.

Тілеуберді САХАБА