БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ – ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жарлығына сәйкес, белгілі журналист, Бас редакторлар клубының президенті, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болып тағайындалды.
Медиа саласында 35 жылдан астам жемісті қызмет етіп келе жатқан Бибігүл Нұрғалиқызы өзін осы саланың білікті маманы ретінде көрсете білді. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі ірі қоғамдық жұмыстарда да өзін жан-жақты көрсетті.
Салиқалы саясаткер, қарымды қаламгер, талантты тележурналист әріптесімізді жаңа жұмысымен құттықтаймыз!