Басыңа күн туғанда он екіден айырылма:

1. Жағаласпай жан қалмақ қайда,төбелесте жаныңнан айырылма;
2. Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырылма;
3. Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма;
4. Тіл — кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма;
5. Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма;
6. Өзіңді зор, басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма;
7. Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма;
8. Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың — малыңнан айырылма;
9. Ағайын, туыс, дос-жарансыз кім бар. Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма;
10. Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң — қосыңнан айырылма;
11. Пенде жан серігі — бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма;
12.Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма;

(с) Бауыржан Момышұлы