БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНАН БАҚЫТЫН ТАПҚАН

Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Төрехан Тапжанов округке қарасты Жасөркен ауылындағы балық шаруашылығығымен айналысатын «Арнұр» (басшысы Сауранбаев Руслан) және «Жасөркен-1» (басшысы Ешенқұлов Руслан) балық шаруашылықьарының жұмысымен танысты.
Кәсіпкерлер балық шаруашылығымен қоса тұрғындарға демалыс орталығын қоса ашқан.

Демалыс орталығы күніне 70-80 келушіні қыбылдауға қауқарлы.
Қазіргі таңда, «Арнұр» балық шаруашылығындағы барлығы 14 бассейнде фарель, сазан, тұқы балығы өсіріліп, 2021 жылы 110 тонна тұқы, 80 тонна форель балығын өткізген.
Өнімдер Алматы, Шымкент, Тараз қалаларына сатылымға жіберілуде. Сонымен қатар балық шаруашылығы жергілікті 4 ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр.
«Арнұр» және «Жасөркен-1» балық шаруашылығы 2022 жылға 100 тонна тұқы, 1 млн дана фарель және 2000 дана сазан шабақтарын жіберуді жоспарлап, ағымдағы жылға 100 тонна тұқы, 160 тонна форель балығын алуды көздеп отыр.
Ауыл әкімі кәсіпкерлерден туындап отырған мәселелерін сұрап, заң аясында кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен қолдау алуға болатын шарттарды түсіндірді.
Кәсіпкерлер алда балық шаруашылығын одан әрі дамытуға ниетті екендігін, “Арнұр” балық шаруашылығының алда 3 көлшік және 15 бассейн салып, фарель балығының өнім көлемін 150 тоннаға арттыру туралы жоспарларын алға тартты.

Жамбыл ауданы әкімдігі