І орын — Қордай ауданы, Жамбыл облысы

1-7 тамыз аралығында футболдан 2007 ж.т жасөспірімдер Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жарысты Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы ашып, командаларға ізгі лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы Нурдин Есенгелдіұлы өз тілегін білдіріп, спортшылар ға үлкен жетістіктерге жетуді тіледі.
Сөз соңында Түркістан облысының спорт ардагері Футболдан Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген жаттықтырушысы Базарбаев Болат Абдуллаұлына беріліп, Қордай ауданында спорт қарқынды дамып келе жатқанын атап кетті.
Жарысқа Қызылорда облысы Арал — Сырдария ауданы, Түркістан облысы Төлеби ауданы, Түркістан облысы Жетісай ауданы, Жамбыл облысынан: Талас ауданы, Мойынқұм ауданы, Қордай ауданы жасыл алаңында ойын көрсетті.
Қайрат футбол командасының капитаны, футбол ардагері, ҚФФ кеңесшісі Байшаков Сеильда Ихрамұлы және Жамбыл облысының футбол федерациясының жауапты хатшысы Абдрахманова Елтай ақтық сынды ойындарының құрметті қонағы болып, ойынды тамашалап кетті.

Жарыстың нәтижесі:
Үздік номинация бойынша
Үздік қақпашысы — Абдикаликов Даулет — Қызылорда облысы
Үздік жартылай қорғаушы — Илгербай Нурзат, Түркістан облысы
Үздік қорғаушы — Сеидахмет Санат, Түркістан облысы
Үздік шабуылшы — Габит Бейбарыс, Қордай ауданы
Үздік сұр мерген — Абдикаппар Байбол, Қордай ауданы
Үздік ойыншы — Сапаралы Бекнур, Түркістан облысы
Жүлделі орындарға ие болған
І орын — Қордай ауданы, Жамбыл облысы
ІІ орын — Жетісай ауданы, Түркістан облысы
ІІІ орын — Төлеби ауданы, Түркістан облысы
Командалар мен үздік ойыншылар диплом, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталды.