Балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы

Жуалы ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері және аудандық жергілікті қызметкерлермен бірлесіп Билікөл ауылдық округі «Берикқара» тау шатқалы «Берікқара Дзержинец» және «Тау самалы» балалар жазғы сауықтыру лагерінің персоналымен және тәрбиеленушілерімен нұсқаулық өткізілді.
ТЖ мамандары жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіз демалысын және балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға бағытталған өзекті тақырыпты, сондай-ақ балаларды жүзуге үйрету, су айдындарында өзін-өзі ұстау қағидалары және суға батушыға көмек көрсету мәселелерін қозғады.
Лагерь қызметкерлеріне тәрбиеленушілермен табиғатта және тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша әңгіме өткізу туралы еске салды. Мысалы, балаларға сіріңкелер ойыншық емес, сондай-ақ отты сөндірудің бастапқы құралдарын іс жүзінде қолдануды көрнекі көрсетті.
Алған білімдерін бекіту үшін балаларға көрнекі жадынамалар таратылды. Әңгіме барысында балалармен өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге арналған өрт және судағы қауіпсіздік тақырыптарында викторина өткізілді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті