Әйелдер арасындағы өрт эстафетасы бойынша жарыстар өтті

2023 жылғы 21 шілдеде «Тараз» орталық стадионының аумағында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатын өткізу шеңберінде әйелдер арасындағы өрт эстафетасы бойынша жарыстар өтті.
Әйелдер арасында жалпы командалық есепте жеңімпаз команда Түркістан облысы болды. Бұл команданың нәтижесі 01.03.77 секунд болды . Екінші орын Шымкент қаласынан командаға 01.05.33 секунд нәтижесімен берілді.
Бұл пән бойынша үшінші орынды Ақмола облысының командасы 01.06.96 секунд нәтижесімен иеленді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті