Байзақ ауданында COVID-19 ауруының алдын-алуға арналған алғашқы медициналық көмек құралдары таратылды.

Коронавирустық  инфекцияның алдын алу мақсатында ауданда ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек алған аз қамтылған отбасыларға медициналық алғашқы көмек  жиынтығы берілді.

Жинақ  құрамы  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі анықтаған  термометр,  маскалар, дезинфекциялаушы заттар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттардан тұрады.

Алушыларға алғашқы медициналық көмек қобдишаларын жеткізуді аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және ауылдық әкімдіктері жүзеге асырды. Аудан бойынша барлығы 662 жедел жәрдем жинағы таратылды.

Бұл шара қиын қаржылық жағдайға тап болған отбасыларға экономикалық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Қазақстанда 145 мың отбасы осындай алғашқы медициналық көмек құралдарын алады. Жоба Азия Даму Банкінің гранты есебінен қаржыландырылды, сатып алуды БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырды.