Notice: Uninitialized string offset: 0 in /var/www/vhosts/elana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-recovery-mode-email-service.php on line 1

Notice: Uninitialized string offset: 0 in /var/www/vhosts/elana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-recovery-mode-email-service.php on line 1
Бай болудың 6 жолын көрсететін аят - "ЕлАна" әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

Бай болудың 6 жолын көрсететін аят

Бай болу, еш қысылмай жеткілікті өмір сүруді кім қаламайды?! Ал дінімізде  болса дүниеқұмарлық құпталмайтын іс. Бірақ бұл нәпақаңды таппай, жалқаулыққа басып отыра бер деген сөз емес. Тек бастысы, Алланың рұқсат еткен адал жолымен ризық табу. Өмірде асқан дәулетті көздеп, «байлыққа бастайтын жол» деген желеудегі батыстың түрлі тактикаларына жүгініп жататындар аз емес. Алайда мұның оңай әрі сауапты һәм Жаратушының разылығына бөлейтін тиімді жолы бар екенін естен шығармайық. Алла Тағала Құран Кәрімде сүйікті құлдарына қалай ризықты арттыруға болатынын көрсетіп қойған:

1.      Алладан шынайы қорқу

«…Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. (2) Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған»  («Таләқ» сүресі, 2-3 аят).

2.     Әр нәрсеге қанағат ету

Егер олар рас Алланың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болса және: «Алла бізге жеткілікті. Жақында Алла және Елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында біз Аллаға ынтықбыз» десе еді. («Тәуба» сүресі, 59-аят)

3.     Алладан кешірім сұрау

(Сондай-ақ оларға): “Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы.” дедім. (10) “Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді.” (11) “Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады.(12)” («Нұх» сүресі, 10-12 аят)

4.     Құлшылық

(Мұхаммед (ﷺ) ) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түн мен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде тұруды қалдырды.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала қайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. («Муззәммил» сүресі, 20 — аят)

5.     Шүкіршілік

Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады. («Ибраһим сүресі», 7-аят).

6.     Тапқаныңды жақсылыққа жұмсау

(Мұхаммед (ﷺ) ): “Рас Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа; кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы” де. (Сәбә’ сүресі, 39-аят)


Ihsan.kz