Бұл сұрақты мемлекеттік тілді білмесе де лауазымды орындарға отыруға мүмкіндік берген кісілерге қою керек.

Тіл меңгермеген шенеуніктерге барып “қазақша сөйле” деп саусақ безеп, талап ету ұтымды жол емес, меніңше. Бұл сұрақты мемлекеттік тілді білмесе де лауазымды орындарға отыруға мүмкіндік берген кісілерге қою керек.
Ең абзалы:
✅ қазақша контент тұтыныңыз;
✅Қазақша газет-журналға жазылыңыз;
✅Қазақша кітаптарды сатып алыңыз, жүйелі түрде оқыңыз;
✅Дәстүрлі ән-күй концерттеріне барыңыз;
✅Банкоматта қазақ тілін таңдаңыз;
✅Смартфонның қолданбасын түгел қазақшаға ауыстырыңыз;
✅Балаңызға ана тілінде сөйлеңіз, сәбилерге ертегі айтып беріңіз;
✅Ана тіліңізде сауатты, қатесіз жазыңыз;
✅Мекемелерде құжаттарды қазақша толтырыңыз;
✅Аты-жөніңізді қазақшалаңыз, ең болмаса балаларыңыздыкін -ов, -евсіз жаздыртыңыз.
✅Қазақша контент жасап жүргендерді қолдаңыз;
✅Кәсіпкер болсаңыз ұлттық дүниелерге демеуші болыңыз;
✅Театр, кинотеатрдағы қазақша қойылымдарға баруға тырысыңыз;
✅Балаңызды қуыршақ театрына апарыңыз (қалада тұрсаңыз).
✅Көлікте Қазақ радиосын, Шалқарды тыңдаңыз.
✅Волонтерлікпен айналысып, қоғамға аз да болса пайдаңызды тигізіңіз.
Өзім осының бәрін (кәсіпкер туралыдан басқасын) жасап жүрген соң жазып отырмын.