АУЫЛДЫҚТАР АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛЫП БЕРДІ

Асар –ұғымын қазіргі таңда көпшілігіміз қолданып та біліп те жүрген жоқпыз.
Қазақ атамыз «Көп түкірсе көл», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», “Бірлік түбі тірлік” деп, елдің бірігуі арқылы кезінде атамыз қазақ мұқтаж жандарға көмек көрсеткен.

 

Елбасы Н.Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасымен бүгін Өндіріс ауылында 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында салынған баспананың кілті табыс етілді.
Аталған жоба аясында Сарысу ауданы Өндіріс ауылында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жаңа тұрғын үй көпбалалы отбасы (күміс алқа) – Мақашов Аймырзаның отбасын қуанышқа бөледі.
Салтанатты рәсім барысында ауылда бой көтерген жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстау үшін ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіпәлиев Қойшыбай қария құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарына осы шараға атсалысқанына алғысын білдірді.

 

Барлық сақтық шараларын ұстанған, аталмыш шараға аудан әкімнің орынбасары Е.Имашев, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Тұруға жарамсыз, ескі үйі бұзылып, орнына жаңа 6 бөлмелі тұрғын үйдің қабырғасы көтеріліп, ішкі және сыртқы жұмыстары толық аяқталды.
Осындай игі іс Сарысу ауданы бойынша алдағы уақытта да жалғасын таппақ.