Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін облыс орталығындағы «Grand bazaar» сауда кешенінде кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Онда Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Шу, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілері ет, шұжық, сүт өнімдері мен кондитерлік және макарон өнімдерін, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін нарық бағасынан 10-20% төмен бағада өткерді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы