«Әуенді Сарыарқа» XXII халықаралық фестивалі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Халықаралық «Әуенді Сарыарқа» фестивалі өз шымылдығын 22-шы мәрте көтерді.

Осы фестиваль аясында көрермендер әр жылдары Қазақстанның халық артистері Жәния Әубәкірова, Айман Мұсақожаева, Эльдар Сапараевтың, Тайваннан, Голландиядан, АҚШтан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келген музыканттардың, КСРО халық артистері   Ермек Серкебаетың, Бибігүл Төлегенованың, Әлібек Дінішевтің, Лаки Кесоглудың, Роза Рымбаеваның, Ерік Құрманғалиевтің, Сергей Захаровтың, Мансур Ташматовтың, сондай-ақ Фуат Мансуров, Шамғон Қажығалиев, Төлепберген Әбдірашев, Николай Калинин секілді дирижерлардың өнерлеріне тамсанған болатын.

19-қазан фестивалдің ашылуы өтті. Алғашқы концерт дәстүрлі әншілер кешімен басталды. Фестиваль аясындағы концерт Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Адамбековтің құрметіне арналды. Кеш қонақтары ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Рамазан Стамғазиев, Ардақ Исатаева, Жақсыгелді Кемалов, Айтбек Нығызбаев, Серік  Оспанов, Нұржан Жанпейісов, «Құрмет» орденінің иегері Сержан Мұсайын, Мәдениет қайраткерлері Дәуренбек Әркенов, Абзал Қуанышұлы, Халықаралық конкурстардың лауреаттар Гүлмира Тапай, Сырым Хордин Ержан Базарбеков, Құрмаш Ыбышев.

 

 

20-қазан «Шалқыма» концерт залында  Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі Академиялық Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерт өтті. Кеш қонақтары: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Стамғазиев (дәстүрлі ән, Алматы), Азербайжан еңбек сіңірген артисі Сахиб Пашазаде (тар, Азербайджан). Концерт дирижерлары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Абдуғалисын Шоқанбаев, халықаралық конкурстардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей және Әбілқайыр Сағымбаевтар.

Сонымен қатар 20-қазан цирк ғимаратында джаз оркестрінің концерті өтті. Солистер: Ирэн Аравина (вокал, Алматы), Максим Андрейченко (саксофон, Ресей). Бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.

 

 

21-қазан  «Шалқыма» концерт залы, сағат 18.30-да Е.Рахмадиев  атындағы симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Солист: халықаралық конкурстардың лауреаты Мирослав Култышев (ф-но, Москва). Бас дирижеры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.

22-қазан фестивалдің жабылуы. Цирк ғимараты, сағат 18-30да «Арқа сазы» фольклорлық және «Аққу» фольклорлы-хореографиялы ансамбльдерінің концерті өтеді. Кеш қонағы Тәжікстан мәдениет қайраткері Хайролла Дадобаев (ұрмалы аспап, Душанбе).

 

Жомарт Шаймұрат