АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Жамбыл облысындағы судьялар корпусында бірқатар өзгерістер орын алған болатын. Нақтырақ айтқанда, Шу және Мойынқұм аудандық соттарының төрағалары тағайындалды.

Мемлекет басшысының 11 шілдедегі №956 Жарлығына сәйкес Мар-Лен Тлеубеков Шу аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев ауданымыздағы құқық қорғау саласының мекеме басшыларына жаңа тағайындалған төрағаны таныстырды.

Сондай-ақ, Мар-Лен Мынжанұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Шу ауданы