АУДАНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

1 қыркүйек – еліміздегі барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн.

Осыған байланысты оқушылар да араға үш ай салып, алтын ұя мектептерімен қайта қауышты. Барлық мектептерде алғашқы қоңырау үні естілді.

Дәл осындай игі шарадан ауданымыздағы білім ошақтары да қалыс қалмай, Білім күнін ерекше атап өтті.

Осыған орай, бүгін аудан орталығындағы М.Мақатаев атындағы мектебіндегі шараға аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы қатысып, мектеп ұжымын Білім күнімен құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі.

Шу ауданы