«Алтын алқа» иелеріне берілетін жәрдемақы өседі

«Алтын алқа» иелеріне берілетін жәрдемақы өседі. Атап айтсақ, «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналардың жәрдемақысы 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін өседі.

Сонымен қатар, бала күтімі бойынша төлемдер 1,5 жасқа дейін ұзартылады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 6 немесе 7-ден көп бала туып, тәрбиелеген аналарға құрмет ретінде наградталған аналар мәртебесі белгіленеді. Қазір олар бірдей жәрдемақы алады.