«Ауған соғысы — тарих қойнауының бір парағы» атты дивертисмент кездесуі

Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршыннан қиылған азаматтарын еске алу,отансүйгіштікке баули отырып тәрбие беру мақсатында Т.Рысқұлов аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ауған соғысы — тарих қойнауының бір парағы» атты дивертисмент кездесуі өткізілді.
Дивертисмент кездесуіне ауданымыздың ауған соғыс ардагерлері, жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Шара барысында ардагерлермен сұхбат жүргізіліп, оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптар алынды.
Сонымен қатар «Он жыл отқа оранған ауған соғысы» атты бейнеролик көрсетілсе, «Ауғанның асуында от кешкендер» көрме инсталляциясына шолу жасалынды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары соғыс жайлы жыр-шумақтарын тарту етсе, «Ағаларым», «Офицеры», «Ән салшы сарбаз» әндері шырқалды.
Іс-шара соңында өскелең жас ұрпақтарымызға әскери есепке алу куәліктері табысталды.

Тұрар Рысқұлов аудандық кітапханасының кітапханашысы А. Искакова