«Әжемнің ертегілері» айдары

Аудандық орталық кітапхананың бастамасымен «Біз кітаппен бірге өсеміз»жобасы «Әжемнің ертегілері» айдары қолға алынған болатын.
Жоба аясында аудандық кітапхананың кітапханашысы Айгүл Жиенбаева Құлан мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларына «Бір үзім нан» ертегісін әңгімелеп берді.
Оқушылар ертегілер әлеміне еніп, қызығушылық танытып, қызықты сұрақтар қойып, ұнатқан кейіпкерлері туралы білуге құмартты.
Жоба жыл бойы өз жалғасын табады.

Тұрар Рысқұлов аудандық кітапханасының кітапханашысы А. Искакова