Атырауда «Жұмекен оқуы» байқауы өтті

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран авторларының бірі Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтың 81 жасқа толу туған күні қарсаңында, ақынның туған жері Құрманғазы ауданында кәсіптік техникалық білім беру ұйымдары мен жалпы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің арасында облыстық «Жұмекен оқуы» байқауы өткізілді. Байқауда  қала, аудандардан, 2 кәсіптік техникалық білім беру ұйымынан 11 мұғалім бақ сынады.

1

Байқауда мұғалімдердің жасына, педагогикалық өтіліне, санатына шектеу қойылмады. Олар төмендегі кезеңдер бойынша сайысқа түсті:

«Арқалы жырдың тұғыры» кезеңінде ақынның поэзияларын мәнерлеп жатқа оқу;

«Қалтқысыз сыр, қайсар жан» кезеңінде  Жұмекеннің прозасынан қалаған үзіндісін жатқа, образға кіріп оқу;

«Ақ боз атпен ақ бұлтты аралаған» кезеңі шығармашылық кезең. Бұл кезең үй тапсырмасы, мұғалімдер эссе, арнау немесе ашық хат жазып тапсырады.

«Жұмбақ Жұмекен» бөлімінде Ж.Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығынан 30 сұрақтан тұратын тест жұмысы жүргізілді.

2

         Осы кезеңдер бойынша қазылар алқасы сайыскерлерді бағалап, төмендегідей шешім шығарды:

Облыстық  Әдістемелік кабинетінің «Алғыс хатымен» марапатталғандар: Елубаева Ұлмерек – Мақат ауданы, Л.Шахатов атындағы орта мектептің мұғалімі; Мұхтарова Гаухар – Махамбет ауданы, Ақтоғай орта мектебінің мұғалімі; Өтепова Самал – Құрманғазы ауданы, Шортанбай орта мектебінің мұғалімі; Канкомова Анаргүл – Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің мұғалімі.

                     5    3

Облыстық Әдістемелік кабинетінің ІІІ дәрежелі дипломының иегерлері:  Қойшығалиева Гүлфина – Қызылқоға ауданы, Жаңашаруа орта мектебінің мұғалімі; Досанова Гүлзар – Индер ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімі; Камидуллина Әлия – Мақат ауданы, Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің мұғалімі.

Облыстық Әдістемелік кабинетінің ІІ дәрежелі диплом жүлдегерлері: Есеналиева Мөлдір – Жылыой ауданы, №7 орта мектебінің мұғалімі; Хамзаева Гүлсара – Құрманғазы ауданы, Манаев орта мектебінің мұғалімі.

Облыстық Әдістемелік кабинетінің І дәрежелі дипломын Исатай ауданы, Нарын орта мектебінің мұғалімі – Есмағамбетова Бөбек жеңіп алды.

Облыстық Жұмекен оқуында Атырау қаласы, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі Хамзин Дулаттың шеберлігі «Бас жүлдеге» лайық деп бағаланды.

Нұргүл Жайкина,

Атырау облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері