Атқамінер бауырларға ұсыныс…

-ҚУАНЫШ АҒА, сізге төтесінен айта салайын: орныңызды жастарға беріп, немере-шөбереңіздің ортасына барыңыз. Кемел жасқа келіп, кемеңгер қария атанудың орнына, елдің келеке-мазағына айналып жүрсіз. Қауашағы бар адам түсінеді: «әдемі қартаю» да даналықтың белгісі…

3

-АРЫСТАНБЕК, ата-анаңыз ырымдап, сізге «аң патшасының» атын бекер қоймаған болар? Арыстан циркте ғана өмір сүрмейтінін ескеріңіз. Саяси саxнаның «сайқымазағы» болып, қашанғы жүрмексіз? «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» дейді ғой. Зоопарктің торқамағында отырған аң емессіз, қадіріңізді қашырған қызметтен өз еркіңізбен кетсеңіз, өте дұрыс болар еді.

4

-БЕКБОЛАТ, кей жазбамда қатты кетіп қалғанымды сеземін. Артық айтсам, ғафу өтінемін. Менің аузым жабылғанмен, дәл сіз үшін ештеңе өзгере қоймас? Өйткені, «екі аяқты» Бекболаттың абыройын басқа емес, «төрт аяқты» Бекболаттың өзі төгіп жатқан жоқ па? Намыс — сіз шығарған журналдың аты ғана емес, Беке… Ол әр жігіттің бойынан табылатын азаматтық қасиет. Сол қасиетті аяғыңмен таптай бермесеңші. Депутаттық мандатыңды тезірек тапсырып, өнер ордасына орал. Әлі де кеш емес…

2

Айтпақшы: Жоғалған абыройды «госзаказбен» қайтара алмайсыздар. Оған биліктің буы да, АП-ның звоногы да көмектеспейді.

Серік АБАС-ШАХТЫҢ Фейсбуктегі парақшасынан