🌊 АСАУ КЕЛІН…
Баяғыда бес бала тапқан бір өткір келіншек өте жуас, сығыр күйеуін менсінбей , бес баласын тастап, төркініне кетіп қалыпты.
Сол кезде үйіне бір бұзықтау қайнысы келіп қалыпты. «Жеңешем қайда?» десе , ағасы міңгірлеп дұрыс жауап бере алмапты.
Басқа жеңгелері айтып түсіндіріпті. Екі ауылдың арасы тым алыс болмаса керек, долылықпен жаяу тартқан жеңгесінің соңынан тұра қуыпты жігіт.
Жетіп алып «Жеңеше, қайт» депті.Жеңешесі құлағына да қыстырмапты. «Жеңеше, қайт» депті қайталап.Жеңешесі көкірегі қайқаиған күйі алға тарта беріпті.
«Жеңеше, соңғы рет айтамын, жақсылықпен үйге қайт » депті жігіт. Жеңгесі тыңдар емес. «Аттың бауырына салып сабап ,алдына өңгеріп алып келіпті дағы, » қатыныңа ие бол! » деп ағасының алдына лақтырып жіберіпті.
Ертесіне күйеуі жоқ кезде, абысындары жиылып келіп, келіншектің жағдайын біліпті. «Сұрамаңдар, мен рахаттанып жатырмын депті асау келін тілі зорға қимылдап.
Сорлы ау, өлейін деп жатып, рахатың не айтып тұрған ? Таяқ қата тиіп миыңа зақым келген шығар ?» деген әйелдерге » Жооқ, мен шынында да » еркектің қолы» деген қандай болатынын бірінші рет сезініп, жаным ра-хат-таныып жатыр «- деген жауап естіпті.
Әйелдің тентек болса да ақылды болғаны,
Еркектің намысты, жігерлі, отты болғаны дұрыс-ау деп қаласың осындайда.
АРУАНА БАХТИЯР

