Асанәлі Әшімов «Еңбек Ерлерін» еске алды

Облыс орталығы Тараз қаласынан бастау алған қазақ өнерінің корифейі Асанәлі Әшімовтың 85 жас мерейтойы туған жері саялы Сарысуда жалғасын тапты.
Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері, абыз ақсақал аудан орталығы Жаңатас қаласының жұртшылығымен жүздесті.
Ең әуелі орталық алаңда орналасқан «Еңбек Ерлері» гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, жиылған көпшілікті туған елге қалтқысыз қызмет етуге үндеді. Сондай-ақ, аңыз адам өзінің үзеңгілес достарын, ағайын-туысын көріп, көзайым болып, ерекше әсерлі көңіл-күйде жүргенін жасырмады.
Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет, Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиев, көршілес Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек, Алаштың арда ақыны Маралтай Райымбек сынды ел тұтқасын ұстаған азаматтар мен қала тұрғындары қатысты.
☑️Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі