Арқаның мәдени мұрасы мен креативті тынысы
Сарыарқаның өнері мен шығармашылық рухы елорда төрінде! Арқаның бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін тоғыстырған шараға 80-нен астам креатор қатысуда. Көмірден жасалған көркем бұйымдар, инновациялық 3D-технологиялар, Жәрмеңкенің ерекше әсерлі сәттерінің бірі – Амантай Жұмашұлы мен Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблінің өнері болды. Арқаның асқақ әнін, Сарыарқаның дарқан мінезін, ұлттық өнердің текті болмысын паш еткен өнерпаздар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Тағы бір маңызды оқиға – әлемге танылған қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіковтің «Қайсар рух» және «Жизнь без рук» кітаптарының таныстырылымы. Қайсар тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығы адам рухының беріктігін, өнердің шексіз құдіретін айғақтайды. Ертең, 18 қазанда, креативті жәрмеңкенің екінші күні жалғасады, баршаңызды Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайындағы Qazaq Creative Hub алаңына келіп, Арқаның өнерін бірге тамашалауға шақырамын!
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/19UN535Cr4/






